Компания туралы
«ҚазБұрИнвест» АҚ – Қазақстанның мұнай сервисі нарығындағы «KazPetroDrilling» АҚ компаниялар тобына кіретін компания. Жұмыс тәжірибесі, кәсіби ұжым және қолжетімді бағалар компанияның үйлесімді, тиімді және жедел жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
«KazPetroDrilling» АҚ 1965 жылдан бастап мұнай сервисі қызметтерін ұсынатын Қазақстандағы аса ірі тәуелсіз бұрғылау компаниясы болып табылады. Бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу және жабу, қабатты гидравликалық жару және ұңғымаларды цементтеу саласында кең ауқымды қызметтерді көрсетуге маманданады. Бүгінгі таңда компанияда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Компанияның тарихы
Көрсетілетін қызметтер
Ұңғымаларды күрделі жөндеу
Компания мұнай және газ ұңғымаларын күрделі және жер асты жөндеу қызметтерін көрсетеді.
Компанияда 5000 метр тереңдікке дейінгі Kremco-80, УПА-60, ПАП-50 сияқты 51 көтергіш агрегат бар.
Ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарының түрлері:
- Жөндеу-оқшаулау жұмыстары;
- Қабаттың жекелеген суланған аралықтарын ажырату;
- Жекелеген қабаттарды ажырату;
- Цемент сақинасының тығыздап жабылмауын түзету;
- Бағыттаушының пайдалану колоннасының және аралық колоннаның артындағы цемент сақинасын күшейтуі;
- Пайдалану колоннасының тығыздап жабылмауын жою;
- Ерітіндімен тығындау арқылы тығыздап жабылмауды жою;
- Тығын орнату арқылы тығыздап жабылмауды жою;
- Диаметрі кішірек қосымша шегендеу колоннасын түсіру арқылы тығыздап жабылмауды жою;
- Пайдалану немесе жөндеу барысында орын алған апаттарды жою;
- Пайдалану барысында орын алған апаттан кейін жабдықты ұңғымадан шығару;
- Пайдалану колоннасымен болған апаттарды жою;
- Ұңғыма кенжары мен оқпанын металл заттардан тазалау;
- Ұңғымаларды пайдалану кезінде орын алған апаттарды жою бойынша басқа да жұмыстар;
- Ұңғымаларды жөндеу барысында орын алған апаттарды жою;
- Басқа деңгейжиектерге көшу және қабаттарды қосу;
- Басқа деңгейжиектерге көшу;
- Қабаттарды қосу;
- ББП (бір мезгілде бөлек пайдалану), ББА (бір мезгілде бөлек айдау), айырғыш пакерлер сияқты қондырғыларды енгізу және жөндеу;
- Бұрғылаумен байланысты жер асты жұмыстарының кешені;
- Жаңа оқпандарды бұрғылау;
- Цементті стаканды бұрғылау;
- Тау жынысында оқпанды тереңдете отырып, колонна тоспасын жонғылау;
- Шурфтар мен артезиан ұңғымаларын бұрғылау және жабдықтау;
- Қабаттың жекелеген суланған аралықтарын ажырату;
- Жекелеген қабаттарды ажырату;
- Цемент сақинасының тығыздап жабылмауын түзету;
- Бағыттаушының пайдалану колоннасының және аралық колоннаның артындағы цемент сақинасын күшейтуі;
- Пайдалану колоннасының тығыздап жабылмауын жою;
- Ерітіндімен тығындау арқылы тығыздап жабылмауды жою;
- Тығын орнату арқылы тығыздап жабылмауды жою;
- Диаметрі кішірек қосымша шегендеу колоннасын түсіру арқылы тығыздап жабылмауды жою;
- Пайдалану немесе жөндеу барысында орын алған апаттарды жою;
- Пайдалану барысында орын алған апаттан кейін жабдықты ұңғымадан шығару;
- Пайдалану колоннасымен болған апаттарды жою;
- Ұңғыма кенжары мен оқпанын металл заттардан тазалау;
Машина жасау
«Каскор-Машзавод» АҚ мен «ЖігерМұнайСервис» ЖШС-де мынадай қызметтер жүзеге асырылады:
- Бұрғылау, мұнай кәсіпшілігі жабдығын, энергетикалық және басқа да жабдықтарды жасау, жөндеу,
- Құбырлар мен құралдарды жөндеу
Сонымен қатар, «ЖігерМұнайСервис» ЖШС ұңғымаларды жайластыру, мұнай құбырларын ауыстыру және төсеу, құбырлар мен құралдарды жөндеу қызметтерін көрсетеді.
Қабаттарды терең гидравликалық жарулар
Қабатты гидравликалық жару (ҚГЖ) – сұйық және газ тәріздес көмірсутектерді өндіруді қарқындандыру және мұнай-газ кен орындарын ұтымды игеруді қамтамасыз ету мақсатында өнімді объектіні өңдеудің тиімді әдістерінің бірі. Компанияда кез келген күрделіліктегі ҚГЖ жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтар бар.
ҚГЖ кешенінің жиынтықталымы:
- Жаңа буындағы Бақылау станциясы;
- Сұйық химияны беретін 3 сорғымен жабдықталған гидратациялық қондырғы;
- Сұйық химиялық реагенттерді беру қондырғысы 5 сорғымен жабдықталған;
- Жылжымалы химиялық зертхана суды, ҚГЖ гельдерін және проппанатты экспресс-тестілеу жабдығымен және аспаптарымен жабдықталған;
- Манифольд, Сорғы агрегаты, Құм тасығыш және басқа да жабдықтар;
СКҚ жөндеу және қалпына келтіру
Орындалатын технологиялық операциялардың түрлері:
- базаға кіре берісте дозиметрлік бақылау, көзбен бақылау, жарамсыздарын қабылдамау;
- сыртқы және ішкі беттерді жуу;
- СКҚ ішкі диаметрін шаблондау;
- жалғастырғышты бұрап шығару;
- СКҚ электрмагниттік, ультрадыбыстық және құйынды токты дефектоскопиясы;
- құбырдың бұрандалы қосылыстарын токарьлық өңдеу;
- жалғастырғышты бұрап кигізу;
- 400 Атм дейінгі СКҚ гидросығу сынақтары;
- СКҚ-на таңбалама қою.
Ұңғымаларды цементтеу
- Компанияларды сатып алғаннан бері ұңғымаларды бекіту сапасын арттыру тұрғысында Schlumberger, Halliburton, Rompetrol шетелдік компанияларымен, сондай-ақ ресейлік компаниялармен тығыз ынтымақтастық жүргізілуде, пайдалану колонналарын айналдыру және әрі-бері қозғау технологиялары сәтті қолданылуда.
- Компанияда Kenworth,Tiger, ЦА-320М, АН -700.OU-25, BM-700 сияқты 81 цементтеу жабдығы бар.
- Мынадай тығындау техникасы: С-500 цементтеу агрегаты (Kenworth), ТС-660 цемент тасығыштары (TIGER), цементтеуді бақылау станциясы (ЦБС), орталандырғыш қондырғылар, манифольд блогы (МБ-700) қолданылады.
- Цемент ретінде ТБӘҚ, КТМ, ЖТМ әр түрлі химиялық қоспалары бар «G» класындағы сульфатқа төзімді тығындау цементі қолданылады.
Басшылық
Айтуов Ербол

«Қазбұринвест» ЖШС Бас директоры
Алдыңғы жұмыс тәжірибесі:
Каскормашзавод АҚ Басқарма төрағасы
Білімі:
Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті (инженер-механик)
Алматы Экономика және Статистика Институты (қаржы және кредит)
Бізге хабарласыңыз
Байланыс деректері
- «ҚазБұрИнвест» ЖШС
- Мекенжайы: АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, АТЫРАУ Қ.Ә., АТЫРАУ Қ., ӨТЕШҚАЛИ АТАМБАЕВ КӨШЕСІ, 60
- Телефоны: +7 712 231 9055